2024 жылғы 11 желтоқсанда «Строительный» кітапхана-филиалында Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында «Дәуір: оқиғалар, тағдырлар» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға № 15 орта мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.
«Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!» презентациясы 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда болған қайғылы оқиғалардың тарихын ашты. Кітапханашы Л. Асанова, С. Мұхаметжанов, Е. Спатаев сияқты сол бір аласапыран кезеңнің қатысушылары мен куәгерлерінің фотосуреттері мен пікірлерін ұсынып, Қайрат Рысқұлбековтың Отанына деген сүйіспеншілігін көрсетті. Қатысушылар ұлттық батырларды еске алып, өз Отаны үшін мақтаныш сөздерін айтты. Тілек білдірушілер өлең оқыды, елге бақ-береке мен бейбітшілік тіледі!
Сонында тәуелсіз, егемен Қазақстанның қалыптасу жылдары туралы «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» кітап көрмесі ұсынылды.