Даңқты Кітап қалашығында

«Дружба» кітапхана-филиалында Дружба жалпы білім беретін мектебінің бірінші сынып оқушыларына «Даңқты Кітап қалашығында» экскурсиясы өткізілді. Кішкентай оқырмандарды ғалым Мысық қарсы алды. Балалар үшін «Ертегі», «Ғылым», «Өнер», «Құқықтанушы», «Денсаулық көшесі» станциялар ұйымдастырылды. Онда балалар жұмбақтар шешіп, сөздіктер мен энциклопедиялармен танысты, басқатырғыштарын жинады, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы әңгімеледі.
Экскурсия «Аяқты бас-шапалақта» ойынымен аяқталды. Балалар көптеген жағымды эмоцияларға ие болды және кітап оқу үшін кітапханаға келуге уәде берді.