Даңкты адамдар қаласы

«Строительный» кітапхана-филиалы «Туған жерге саяхат…» жобасы аясында,  өлкетануға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған, іс-шара өткізді. Жобаға қатысушылар, № 5 «а» мектеп-гимназиясының 1 «д»  сынып оқушылары.

Оқу залында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұсынған жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Мұражай маманы Р. Д. Хасанова қазақ ағартушысы, лингвист А. Байтұрсынұлының өмірбаяны туралы айтып берді.

Біздің кішкентай Отанымызды өз еңбегімен дәріптеген атақты адамдар туралы әңгімелер айтылды. Олардың қатарында ақын А. Суслова мен травматолог Д. Герасимовтың есімдері бар.

Көркем презентация арқылы балаларға Қостанай қаласының көрікті жерлерін көрсетті. «Менің сүйікті Қостанайым» кітап көрмесінде өлке тарихы туралы кітаптар, Қостанай жазушыларының әдеби шығармалары орналасқан.

Оқушыларға «Мой город на страницах книг» бүктемелері табысталды.