Дала зерттеушісі

Ұлы ғалым, зерттеуші Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашылары А. Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларының қатысуымен «Дала зерттеушісі» атты библиокруиз өткізді.
Іс-шараның басында кітапханашылар ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектеріне тоқталды. Шоқан Уәлихановтың зерттеушілік, суретшілік және саяхатшылық қырлары туралы қызықты мәліметтер берілді. Оқушылар арасында танымдық ойындар ұйымдастырылып, «Шоқан деген кім?», «Саяхатшы Шоқан», «Суретші Шоқан» және «Білгенге маржан» атты викториналар ойнатылды.
Іс-шара соңында «Шоқан туралы кітаптар» атты кітап көрмесі қойылып, қатысушыларға ғалымның өмірі мен еңбектерін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берілді.