Дені сау болу керемет!

2024 жылғы 2 желтоқсанда «Строительный» кітапхана-филиалы «Дені сау болу керемет!» ақпараттық көрме-профилактикасын ұсынды.
Автор И. Смитиенконың «Как лечить спину и суставы» кітабы тірек-қимыл аппаратының ауруларына қатысты негізгі сұрақтарға жауап береді. Профессор И. Неумывакиннің «Соль. Мифы и реальность» тақырыбында адам рационына кіретін көне зат – тұздарға арналған. Автор тұзды тамаққа пайдалану ережелері туралы айтады, ресми медицинаның заманауи әдістері – спелеотерапия және галотерапия сипатталады. Француз авторының ғылыми-көпшілік басылымы Н. Мажшер «Мой мотиватор. 1 месяц, чтобы отказаться от сахара» түрлерін ажыратуға және қанттың бізді неге тәуелді ететінін түсінуге көмектесетін бағдарламаны ұсынады.
Көрме материалдарымен танысуға шақырамыз! Аман сау болыңдар!