Денсаулық – бақыт пен байлықтың негізі

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері «Денсаулық – бақыт пен байлықтың негізі» тақырыбында «Асыл мұра» үйірмесінің кезекті отырысын өткізді. Қостанай қаласының № 1 емханасынан шақырылған маман Евмеенко А. Е. қатысушыларға қоғамдағы мінез-құлық ережелері, сыртқы келбетке күтім жасау кезінде қажетті дағдылар, сондай-ақ жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Үйірмеге қатысушылар қазіргі қоғамда қажет рухани адамгершілік, әдептілік, сыпайылық және зейін тақырыптары бойынша пікірталасқа қатысты. Пайдалы және маңызды ақпарат жасөспірім қыздарға өмірде пайдалы болады.