А. С. Пушкиның атындағы қалалық балалар кітапханасының қабырғасында «Асыл мұра» үйірмесінің қатысушылары жиналды. Оларға дұрыс тамақтану және оның маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат ұсынылды. Балалар дұрыс тамақтану үшін қажетті негізгі тағам топтарымен танысты: көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, сүт өнімдері, ет, балық. Сондай-ақ, балаларға қандай тағамдардың пайдалы екені, ал қандайларын сирек тұтыну керектігі түсіндірілді (мысалы, чипсы, газды сусындар, шамадан тыс тәттілер). Балалар қарапайым әрі пайдалы тағамдар рецептерін білді: жеміс салаты, көкөніс сэндвичтері, қантсыз йогурт десерті. Сабақ қызықты әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады.
Денсаулық тағамы мен оңай рецептер
