2024 жылдың 1 шілдеде Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Ұлттық мереке домбыра күніне орай «Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты бенефис ұйымдастырды.
Кітапханашылар домбыраның тарихын айтып «Домбыра туралы аңызды» бейнебаян арқылы тамашалады. Іс-шара қонақтары – «Жұлдыз» студиясының жас домбырашылары «Адай», «Балбырауын», «Әлқисса» күйлерін күмбірлете орындады.
«Жұлдыз» домбыра студиясының жетекшісі А. А. Темірбекова студияның құрылу тарихы, халықаралық байқауларға қатысу, болашаққа жоспарларымен бөлісті. Кітапхана оқырманы А. Д. Гумирова алғыс ретінде «Жұлдыз» студиясына өз шығармасынан поэтикалық жыр жолдарын арнады. Студияның жетістіктері мен марапаттарын баяндайтын «Ғасырлар пернесі» атты кітап көрмесі дайындалды. Бенефисті өткізу ұлттық аспап – домбыраның танымал болуына ықпал етті.