2 шілдеде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – қазақ музыка мәдениетінің басты символы» атты іс-шара «Узкоколейный» кітапхана- филиалында өтті.
Шара басында кітапханашы домбыраның шығу тарихына тоқталды. Балалар «Ақсақ құлан» атты мұңды аңыз туралы білді. Аңыз бойынша викторина өткізілді. Балаларға «Қазақстанның аты аңызға айналған күйшілері мен жыраулары» атты презентациясы ұсынылды, одан балалар классик күйшінің өмірбаянын білді. Сондай-ақ балалар домбыра жасау туралы мағлұматтарды тыңдап, Құрманғазының өмірінен сыр шертетін бейнероликті тамашалады.
Шара соңында ұлы композитор-күйші Құрманғазының «Сарыарқа» мен «Адай» күйі және Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Адай» күйі орындалды.