Домбыра күні – ұлттың үні


А. С. Пушкин атындағы балалар кітапханасында 8 шілдеде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра күні – ұлттың үні» ақпараттық-музыкалық сағат атты іс-шара болып өтті. Шара басында кітапханашы домбыраның шығу тарихына тоқталды. Балалар «Ақсақ құлан» атты мұңды аңыз туралы білді. Аңыз бойынша викторина өткізілді. Сондай-ақ балалар домбыра жасау туралы мағлұматтарды тыңдап, Құрманғазының өмірінен сыр шертетін бейнероликті тамашалады. Шара соңында ұлы композитор-күйші Құрманғазының «Сарыарқа» мен «Адай» күйілерін тыңдады.