«Южный» кітапхана-филиалында Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының 1 курс тыңдаушылары үшін Ұлттық домбыра күні қарсаңында, арнайы шақырылған қонақ – қостанайлық ақын және композитор Серікбай Оспановпен «Домбыраның әуезді үні» тақырыбында сұхбат-кездесуі өтті.
Іс-шара басында Әулиекөл Мәдениет үйінің әртісі Ерлан Қасымов «Сағындым Алматымды» домбыра композициясымен өнер көрсетті.
Кездесу барысында ақын өз шығармашылығы туралы айтып, жоспарларымен бөлісті, сүйікті өлеңдерін оқыды. Қонақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау шеберлігін ағаштан жасалған түрлі заттарды мысалға келтірді. Оның талантын құрметтеу ретінде студенттер Лия Садвакасова, Досбол Смайл, Ақпейл Қалила домбыраның сүйемелдеуімен: «Өкінішті, көп өмір кеткен өтіп», «Сайра бұлбұл» әндері орындады.
Іс-шара соңында «Халықтың жаны – домбыра» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.