Достарыммен бірге

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Достарыммен бірге» атты викторина өтті.
Іс-шара барысында балалар көңілді және достық атмосфераға еніп, өздерінің тапқырлығын көрсетті. Қатысушылыр кроссвордтар мен жұмбақтар шешіп, викторина сұрақтарына жауап берді. Әр түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды қуанышпен орындады.
Іс-шара соңында балалар бір-біріне бейбітшілік пен жақсылық тілеп, жақсы көңіл-күймен бөлісті.