Достық шаңырағының астында

«Южный» кітапхана-филиалында М. Хәкімжанова атыңдағы № 20 орта мектептің 8 «А» сынып оқушылары үшін «Достық шаңырағының астында» алғыс сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы жалпыға ортақ тарих негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірліктің дамуын көрсететін мереке туралы айтып берді. Балалар ХХ ғасырдың 1930 жылдарынан бастап 1952 жылға дейін әртүрлі этникалық топтарды күштеп жаппай депортациялаудың басталуын қамтитын еліміздің тарих беттерімен танысты. Олар жүздеген және мыңдаған адамдарды қабылдаған халқымыздың мейірімділігі туралы білді. Қазақстан жерінде тұратын барлық этностарға төзімділік пен қонақжайлылық үшін алғыс сөздер айтылды.
Оқушылар «Алғыс айту – парызым» тест-викторинасына белсенді қатысты. Пікір алмасу барысында балалар бірлік, келісім, халықтар достығы жарқын болашаққа жол ашатын әмбебап кілт деген қорытындыға келді.
Іс-шара соңында «Достық шаңырағының астында» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.