«Южный» кітапхана-филиалында «Романтик» аула клубының мүшелері үшін «Егемен елдің Конституциясы» атты құқықтық дайджест өткізілді.
Кітапханашы атап өткендей, Конституция елдің басты заңы ретінде нәсілдік, этникалық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарының теңдігіне кепілдік береді және мемлекет азаматтар үшін жұмыс істейді деген өте құнды идеяны жүзеге асырады. Адам, оның өмірі мен денсаулығы, ар-намысы мен қадір-қасиеті, қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігі қоғамның ең жоғары құндылығы ретінде танылады.
Іс-шара барысында балалар Конституцияның негізгі баптарын білуге негізделген «Адам құқықтары», «Иә! Жоқ!» ертегіге байланысты викторинасына қатысты.
Іс-шара соңында «Елдің Негізгі Заңы» кітап көрмесіне шолу жасалды.