«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Экологиялық құқықтық тәртіп» экспресс-ақпаратын өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы «Таза Қазақстан» бағдарламасы туралы айтып берді.
Іс-шара барысында қатысушылар үш командаға бөлінді: «Орман», «Су», «Ауа». Командалар үш турдан тұратын викторинаның сұрақтарына жауап берді, әрі қарай балалар әрбір азаматтың экологиялық таза ортада тұруға құқығы бар деген өз пікірлерін білдірді.
Соңында «Жердің болашағы сізге байланысты» атты кітап көрмесі ұсынылды. Қатысушыларға келесі кітаптар ұсынылды: «Планета земля», «Я познаю мир», «Я и мир вокруг».
Экологиялық құқықтық тәртіп
