«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 19 орта мектептің 5 сынып оқушыларына «Экологиялық ассорти» ойынын өткізді.
Іс-шараның басында жас натуралистер Жер планетасына қауіп төніп тұрғанын және оны құтқару үшін тапсырмаларды орындау керек екенін білді.
Балалар алты сайыстан тұратын ойында бақ сынасты: «Разминка», «Шатасулар», «Орман жұмбақтары», «Төртінші қажет емес», «Күлкілі кішкентай жануарлар», «Жұмбақты тап».
Іс-шара барысында балалар өз қалаларының табиғи байлығын сақтауға қосқан үлестері туралы айтып берді: құстарға арналған жем салғыштар мен үйлер жасауға қатысады, қоқыстар мен былтырғы жапырақтарды жинайды, ауру ағаштар мен бұталарды күтеді.
Іс-шара соңында оқушылар «Баршаға бір планета» тақырыптық сөресімен танысты, онда «Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен», «Сокровища растительного мира Казахстана» басылымдары ұсынылды.
Экологиялық ассорти
