№4 орта мектептің 1-сынып оқушылары «Северный» кітапхана- филиалына танысу экскурсиясымен келді. Балалар кітапхананың барлық залдарын аралап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. «Репка» ертегісінің қойылымына ықыласпен қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді, балаларға арналған журналдармен танысып өтті. Қызметкерлермен қоштасып, балалар өз бағаларын берді: Керемет кітапхана!
