Экстремизм – қоғамға қауіп

«Қонай» кітапхана-филиалында «Экстремизм – қоғамға қауіп» тақырыптық сөресі рәсімделді.
Көрмеге «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, түрлі діни ағымдар туралы, діни экстремизм туралы, ұйымдардағы профилактикалық жұмыстар туралы мерзімді басылымдардан алынған мақалалар ұсынылды.
С. Сейтбеков «Секталардың мақсаты не?» мақаласында әр түрлі секталардың мақсаттары туралы әңгімелейді. Ж. Шәукенов «Диструктивті діни ағымның сипаты» мақаласында діни диструктивті ағымдарға сипаттама береді.
Құрметті оқырмандар! Тақырыптық сөре материалдарымен танысуға шақырамыз.