Ел рәміздері – ел рухы

Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда атап өтіледі. Осы күнге дейін «Қонай» кітапхана-филиалында «Ел рәміздері – ел рухы» көрмесінде әңгіме өткізілді.
Іс-шара басында балалар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Кітапханашы әңгіме барысында Республикамыздың рәміздерін қабылдау күні, авторлар туралы айтып берді. Әр элементтің мәні туралы толығырақ айтты.
Көрме Мемлекеттік рәміздер стенді аясында рәсімделген.
Көрмеде: ҚР Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «История формирования государственных символов Республики Казахстан» кітабы, Е. Шаймерденовтің «Государственый Гимн Республики Казахстан» кітабы, газеттерден мақалалар ұсынылған.