Ел жүрегі – Астана!

3 шілдеде «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері жас оқырмандар үшін «Ел жүрегі – Астана» атты ойын жолсілтемесін өткізді. Кітапханашы Елорданың тарихы мен дамуы, жетістіктері мен көрікті жерлерімен таныстырды. Балалар Астана туралы сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салып, «Атауды тап» ойынын ойнады.
Іс-шара соңында «Туған күнің құтты болсын, Астана!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.