Мемлекеттік мереке – Астана күні қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалында «Еліміздің жүрегі – Астана» атты қызықты виртуалды экскурсия өткізілді. Жас оқырмандар Астана қаласының орнында алғашқы қоныстың қалай және қашан пайда болғанын, оның қалай өсіп, дамып, гүлденген заманауи қалаға айналғанын, қаланың дамуында қандай кезеңдер өткенін және оны әр уақытта қалай атағанын білді. Сондай-ақ кітапханашы елорданың басты көрікті жерлері – Бәйтерек, Президент резиденциясы Ақорда, Атамекен этнопаркі, «Думан» ойын-сауық кешені, Бейбітшілік және Келісім Сарайы, елорданың ескерткіштері мен мүсіндері туралы айтып, келушілер «Астананың көрікті жерлері» бейнеролигін көріп, «Менің Астанам» көрмесінде Астана туралы түрлі-түсті кітаптарды тамашалады. Іс-шара соңында викторина өткізілді, оның барысында балалар кітапханашының айтқанының бәрін жақсы есте сақтағанын және біздің әдемі астанамызға міндетті түрде келуге ниет білдіргендерін көрсетті!