Шақырылған қонақтар: жазушы, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПИ профессоры Серікбай Оспанов, жазушы, драматург, журналист-публицист, аудармашы Ақылбек Шаяхмет құттықтау сөз сөйледі. Кітапханашылар мерейтой иесі туралы электрондық презентация мен бейнероликтер дайындады.
Аманжол Арыстанбайұлы студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Каканова Розалина Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.
Оқырмандар үшін «Ұлт тарихын таныған тұлға» атты кітап көрмесі дайындалды.
Мерейтойлық іс-шара жылы, достық тілектер мен құттықтаулар атмосферасында өтті.
