Ерлік пен даналық дастаны

8 желтоқсан Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттері үшін Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Ерлік пен даналық дастаны» атты патриоттық сағатын өткізді.
Жүргізушілер батырдың өмір жолы, оның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі туралы айтып, Мәлік Ғабдуллиннің ғылыми және әдеби мұрасының маңыздылығын атап өтті. Оның шығармаларынан және замандастарының естеліктерінен үзінділер оқылды. Өлең жолдары М. Ғабдуллиннің батылдығы мен патриотизміне арналды.
Кейіпкер туралы сирек кездесетін фотосуреттер мен деректі материалдар бар «Линия судьбы. Малик Габдуллин» бейнеролигі ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара «Ұлт мақтанышы – Мәлік Ғабдуллин» кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.