Ертегі сыр шертеді

27 қараша күні «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің балалары үшін «Ертегі сыр шертеді» дауыстап оқу болып өтті.
Балалар қазақ ертегілерінен үзінділерді мәнерлеп оқыды Т. Дінтайұлы «Ақылды торғай», «Алпамыс батыр», «Жеті қарақшы мен хан». Оқып болған соң үйірмеге қатысушылар ертегілердегі түйінді сәттерді талқылап, кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасап, алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шара қызу қызығушылықпен және белсенді қатысумен сипатталды. Соңында «Ертегі – ақылдының кітабы» атты тақырыптық сөреге шолу жасалды.