2025 жылдың 12 тамызында «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Ертегілер әлеміне саяхат» атты оқулар өткізді. Іс-шараға № 40 бөбекжай балалары қатысты.
Кітапханашы балаларды қазақ ертегілерінің мейірімді және өте қызықты кейіпкерлерімен таныстырды: «Алдар көсе», «Батыр құмырсқа». «Әлем ертегілері» атты кітап көрмесін ұсынды.
Балалар «Бауырсақ» ертегісін тыңдап, мультфильм көріп, ашық ойындарға қатысты. Қарым-қатынас қызықты өтті, балалар кітаптың қызықты ертегі әлемін білді!
Ертегілер әлеміне саяхат
