А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасында «Балалар кітапханасы–мектеп–отбасы» жобасы аясында читаймерБІР «Ертегілер аукционы» атты quiz зияткерлік ойыны өтті.
№28 мектеп-гимназия жанындағы жазғы лагер оқушылары мен «Ақбота» клубының қатысушылары іс-шараға ат салысып, ертегілер әлеміне қызықты саяхат жасады. Балалар бірнеше кезеңнен өтіп, танымдық тапсырмаларды орындап, ертегі кейіпкерлерін танып, оқиғалардың жалғасын құрастырып, өз ертегілерін ойлап тауып, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Шара соңында отандық және шетелдік авторлардың халық ертегілері мен балаларға арналған көркем әдебиеттер қойылған «Ертегі сыр шертеді» атты кітап көрмесін, «Ақбота» клубының жас қатысушылары таныстырды.
Quiz қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Ертегілер аукционы
