Естелік вахтасы

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында «Северный» кітапхана-филиалының ұжымы №28 МГ «Жас шекарашы» ӘПК курсанттарының қатысуымен «Естелік вахтасы» атты салтанатты іс-шара өткізді.
Шара Мәңгілік алау жанындағы Жеңіс саябағында өтті. Жас жігіттер зор мақтанышпен, құрметпен Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қойды.
«Естелік вахтасы» акциясы соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы тарихи шындықты сақтауға және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. Шара Ұлы Отан соғысының батырларына деген құрмет пен алғыстың өзіндік символына айналды.