Елорда күнін мерекелеу аясында «Станционный» кітапхана-филиалы жас оқырмандарға арналған «Еуразия жүрегі – Астана» танымдық сағатын өткізді. Кітапханашы Астана заманауи бірегей сәулеті бар әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі екенін атап өтті. Астана Тәуелсіз Қазақстанның табысы мен өркендеуінің символына айналды. Іс-шараға қатысушылар елорда бойынша сырттай экскурсия жасады, Қазақстанның астанасы болу құрметіне ие болған барлық қалаларды еске алды, елорданың көрікті жерлерін тізіп, Астана туралы өлеңдер оқыды, викторина сұрақтарына жауап берді. Соңында кітапханашы «Туған күніңмен, туған елордамыз!» шолу жасады.