Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі

«Станционный» кітапхана-филиалында «Гендерлік теңдік – дамыған қоғамның кепілі» атты кітап көрмесі ашылды. Адамдардың теңдігі – соңғы ғасырларда адамзат шешуге тырысқан мәселелердің бірі. Бүгінде БҰҰ тұлғасындағы әлемдік қауымдастық гендерлік теңдікті жалпы теңдік тұжырымдамасының ажырамас бөлігі ретінде бағалайды.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ отандық авторлар Қ. Қайранбаевтың «Ар мен заң», С. Қорабайдың «Қазақ тарихындағы әйелдер», С. Әбдікәрімовтің «Әмина Өмірзақова» кітаптары және «Фемида» мен «Қазақстан әйелдері» журналдарының тақырыптық мақалалары қойылған. «Өзара түсіністік болса, теңсіздік те жойылады» мақаласында (Қазақстан әйелдері. – 2022. – шілде-тамыз. – Б. 12-13.) гендерлік теңдік проблемаларының барлық кешені көрсетілген: әйелдің қоғамдағы жағдайы, ерлер мен әйелдердің өмірлік стратегиялары, отбасының өзгеруі, мемлекеттік гендерлік саясат және т. б.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.