2025 жылғы 22 қаңтарда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері белгілі қазақ жазушысы, тарихи роман жанрының негізін салған жазушылардың бірі Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты әдеби портрет ұйымдастырды.
Іс-шараға Тобыл қаласының «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК «Ветеринария» факультетінің студенттері қатысты. Шара барысында кітапханашылар оқырмандарды халық жазушысының өмірі мен үш бөлімнен тұратын «Алмас қылыш», «Қаһар», «Жанталас», «Көшпенділер» трилогиясымен т.б. шығармаларымен таныстырып, ұлттық мәдениет үшін оның шығармашылығының маңызы туралы әңгімелеп, жазушының өмірі туралы бейнебаян көрсетіп, «Сұрақ-жауап» ойын ойнатты. «Көшпенділер» фильмінен үзінді оқырман назарына ұсынылып, «Тұмар» өнерлі жастар клубының мүшелері Ілияс Есенберлиннің өлең жолдарын нақышына келтіре орындады және оқырмандар жазушының тарихи романдары туралы өз әсерлерімен бөлісті. Кітапханашылар «Ұлттық рухтың шырағы» атты кітап көрмесін көрермен назарына ұсынды.
