Халыққа және елге қызмет ету

14 қаңтар күні «Станционный» кітапхана-филиалында № 15 ЖМ 8 сынып оқушылары үшін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ресей педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, профессор Сәбит Досановтың туғанына 85 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді.
Кітапханашы авторының өмірбаянымен, кеңінен танымал «Тау жолы», «Екінші өмір» романдары, «ХХ ғасыр» эпосы, «Белая аруана» повесі, «Қазағым-ай, қайда кетіп барасын» өлеңдер жинағы және тағы басқа шығармаларымен таныстырды. Сондай-ақ ол еліміздің көптеген театрларында қойылған «Дауыл», «Завтра бюро», «Тозақ шеңбері» пьесаларын жазғанын атап өтті.
Сонында «Кітапты жаныңмен сүй» кітап көрмесіне шолу жасалды.