Халық ауыз әдебиеті – асыл мұра

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің кезекті отырысын зияткерлік ойын түрінде өткізді. Үйірме қатысушылары ауыз әдебиеті, сөз өнері жайында мәлімет алып, жұмбақ жасырып, мақал-мәтел мен жаңылытпаш айтып, «Сыр сандықта» жасырылған заттарды анықтап, зияткерлік ойынға белсене ат салысты. Дарханқызы Жасмин есімді № 17 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы, үйірме мүшесі халықтың рухани асыл қазынасы – халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығы туғанын және осы тақырыпта болашақта ғылыми жұмыс жазатын ойымен бөлісті.