Халықтарды біріктірген ел

6 мамырда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 18 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларына «Халықтарды біріктірген ел» атты патриоттық сағатын өткізді.
Кітапханашы Қазақстан халқының бірлігі күнінің тарихын, көпұлтты және халықтар достығы туралы айтып берді. Балалар достық, ынтымақтастық және бірлік туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер оқыды. Исабай Гүлім «Мен қазақпын» әнін орындады.
Іс-шара соңында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.