Халықтың қатал драмасы

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Халықтың қатал драмасы» еске алу кешін өткізді.
Іс-шара Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің жанындағы Жеңіс саябағында үнсіздік пен гүл шоқтарын қою сәтінен басталды.
Іс-шара барысында 1920–1937 жылдардағы адамдарды мәжбүрлеп қоныс аударуға депортациялау, мүлкін тәркілеу және ашаршылық жағдайлары болған қайғылы оқиғалар айтылды.
Кітапханашы Қостанай облысындағы саяси қуғын-сүргін тарихынан аз зерттелген беттерге ерекше назар аударды.
Студенттер М.Дулатовтың «Оян қазақ» және М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңдерін оқыды.
Жазықсыз жазаланған ержүрек жазушылар, Алаш партиясының қайраткерлері – А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және басқалардың тағдыры кездесуге қатысушыларды бей-жай қалдырмады.