4 қыркүйекте «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Күз келді» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Балалар күздің әр түрлі болатынын есіне алды. Біреуі – қуанышты, жарқын және егінге бай оны «Алтын» деп атайды. Екіншісі – көзге көрінбейтін жаңбырдың тыныш жылауы, тұман және жапырақтардың түсуі. Бұл кезең күздің соңы деп аталады.
Шара барысында балалар «Күздің жылы жаңбыры», «Күздің бірінші күні» кітаптардан және журнал беттерінде жариялаған өлең, әңгімелерін оқып, күз туралы жұмбақтарды шешіп, күздің қандай белгілерін білетіндерін айтып пікірлерімен бөлісті.