Күй анасы – Дина Нұрпейісова

16 қаңтарда А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында А. Бірімжанов атындағы мектеп оқушыларына Қазақстанның танымал домбырашысы, композиторы және орындаушысы Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына орай «Күй анасы – Дина Нұрпейісова» атты әдеби-музыкалық қоңақжай өткізілді.
Шараның басында күйшінің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. Дина Нұрпейісованың бай шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, «Он алты жыл», «Жеңіс», «Ана бұйрығы» күйлерінің шығу тарихы ерекше атап өтілді.
Іс-шараға қатысушылар «Бұлбұл» және «Әсем қоңыр» күйлерін орындап, «Бір сөзбен айт», «Сұрақтар шежіресі» сияқты танымдық ойындарға қатысып, білімдерін көрсетті. Шараның соңында «Күйдің мәңгілік анасы – Дина» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ұлы қазақ домбырашысының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар таныстырылды.