«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті.
Кітапханашы балаларды көлемді аппликация техникасымен таныстырды, көптеген әдемі және ерекше қолөнер бұйымдарын жасауға болатындығын айтты. Шебер-сынып аясында балалар өз қолдарымен «Күзгі қолшатыр» көлемді аппликациясын жасау идеясын негізге алды.
Әңгімелесу барысында балалар қолшатырдың астына «жасырылған» кітаптармен танысты – бұл «Времена года» иллюстрацияланған брошюрасы, А. К. Черепановтың «Умелые ручки» сериясындағы «Фигурки из бумаги» кітабы, Н. Ю. Васнецова «365 советов юному мастеру» және басқа да басылымдар.
Жұмыс барысында балалар қағаздан конустар жасауды, оларды негізге мұқият жабыстыруды, қолшатырларды ашық күзгі жапырақтармен безендіруді үйренді. Қолшатырлар жарқын және әртүрлі болды!
Іс-шара соңында дайын жұмыстар көрмесі рәсімделді.
Күзгі қолшатыр
