Көк байрақты кұт мекенім

2024 жылғы 24 қазанда «Станционный» кітапхана-филиалында Республика күніне орай «Көк байрақты кұт мекенім» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара патриоттық маршпен басталып, №122 мектеп оқушылары салтанатты түрде Қазақстан Туын көтеріп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.
Іс-шараға республикамыздың құрдастары – журналист, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, облыстық «Қостанай» телеарнасының тележүргізушісі Бухабаев Н. О. және азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының биотехнология оқытушысы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚРУ жас ғалымдар кеңесінің мүшесі Шевченко П. В., Қостанай-2 ықшам ауданының мәдени өмірінің өкілдері Ибраева Б. С. қатысты. Қонақтардың өнері музыкалық нөмірлермен алмасты, №15 ОМ оқушылары Отан туралы өлеңдер оқыды.