2024 жылғы 1 қазанда «Киевский» кітапхана-филиалында «Менің жылдарым, менің байлығым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде жастықты ұзартуға және өмірдің «Күз» кезеңіне басқа көзқараспен қарауға көмектесетін кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылған. Сондай-ақ әдебиеттерде физикалық денсаулықты нығайту және дененің денсаулығын жақсарту бойынша ұсыныстар мен практикалық кеңестерді таба аласыз.
Оқырмандар назарына «Қарттықтың алдын алу», «Қарттықта да күш-қуатыңызды жоғалтпаңыз», «60 жастан асқандар үшін» мақалалар ұсынылды. Егде жастағы адамдар үшін психологиялық көзқарас өте маңызды. Әрине, бұған көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар көмектеседі.