№ 122 негізгі мектептің 5 сынып оқушылары үшін «Станционный» кітапхана–филиалының қызметкерлері «Киелі Қазақстан» библио–глобусын өткізді. Іс–шараға «Асыл мұра Аманат» қоғамдық қорының өкілі Әбенова Қарлығаш Әділбекқызы қатысты, ол оқушыларға Қазақстанның киелі жерлері туралы айтып берді. Кітапханашы балаларға Қазақстанның киелі жерлері туралы айтып, ерекше құрметке ие табиғи мұра ескерткіштерін атап өтті, тарихи тұлғалармен байланысты киелі орындарды атап өтті.
Іс-шара барысында «Қазақстанның киелі жерлері» бейнеролигі көрсетілді. Шара соңында кітапханашы «Қазақстанның рухани орындары» атты кітап көрмесіне шолу жасады.