А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Кішкентай оқырмандарға арналған көңілді ертегілер» тақырыбында № 2 мектеп-лицейінің 1 сынып оқушыларының қатысуымен ертегі серуені өткізілді. Кітапханашылар «Қызыл телпек» ертегі желісі бойынша ойындар ойнатты. Адасып кеткен Қызыл телпекті оқушылар Бабай әжеймен бірігіп, қызықты тапсырмалар орындау арқылы Қызыл телпектің әжесімен қауыштыруға көмектесті. Серуен барысында оқушылар Бабай әженің жұмбақтарын шешіп, маршрут картасы арқылы келесі аялдамаға жетіп, жануарлардың құлақтары арқылы суреттерін тапты. Бұдан кейінгі серуен аялдамасында аяқталмаған ертегінің суреттерін салып, ертегі атауын анқтады. Соңғы аялдамада әртүрлі ертегілер бойнша пазлдар құрастырды. Оқушылардан ертегі серуені барысында ұнаған сәттері мен туындаған қиындықтар жайында пікірлері сұралды.
Іс-шара соңында кітапханашылар оқушыларды «Ертегілер әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырды.
