«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері кішкентай оқырмандарға арналған кітапхананың есігін ашып, «Кітапқа қонаққа келіңіздер, қыздар мен ұлдар!» атты кітапханалық сабақ өткізді.
Оқушылар кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады. Балалар кітапханашыны үлкен қызығушылықпен тыңдады. Кітапханашы кітаптарды қалай таңдауға болады, олар қандай принцип бойынша орналасады, кітаппен қалай дұрыс жұмыс істеу керек, кітапханада өзін қалай ұстау керек туралы айтып берді. Балалар абонемент, кафедра, сөре, оқырман формуляры, кітап көрмесі сияқты жаңа сөздерді білді.
«Кітап нені жақсы көреді?» ойынына қатысып, әдеби кейіпкерлердің есімдерін тауып, мерзімді балалар басылымдарымен және жаңа балалар кітаптарымен танысты.
Кітапқа қонаққа келіңіздер, қыздар мен ұлдар!
