Ұлттық кітап күні қарсаңында «Западный» кітапхана-филиалында оқырмандар үшін «Кітап – ақылдың сөнбейтін шырағы» ашық есік күні өткізілді.
Кітапханашы 23 сәуірде атап өтілетін ұлттық кітап күнін мерекелеу туралы айтып берді.
Ең кішкентай оқырмандар үшін кітапхана бойынша экскурсия өткізілді, балалар абонемент, оқу залы, кітап қоры және оқырман формуляры деген не екенін білді.
Балаларға үш аймақ таныстырылды, онда олар «Данышпандар айтысы» және «Білгірлер» электронды ойындарына қатысып, 3D және 4D виртуалды кітаптарымен танысып, «Асықтар» қазақ ұлттық ойынын ойнады.
Ашық есік күні – кітапхананың жаңа идеяларға толы екенін және барлығын оқу, білім және шығармашылық әлеміне шақыратынын көрсетудің тамаша себебі.
Кітап – ақылдың сөнбейтін шырағы
