«Қонай» кітапхана-филиалында Чапаев негізгі мектебінің оқушылары үшін «Кітап аралының құпиясы» атты кітап мерекесі өткізілді. Кітапханашы кітап пен кітап басып шығару тарихымен таныстырып, заманауи баспа өнімдерінің алуан түрлілігі, кітаптардың әртүрлі дизайны туралы айтып берді.
Іс-шара барысында балалар энциклопедиялармен, анықтамалықтармен, поэзиямен танысты. Ең үлкен кітапты – Қазақстан Республикасының Ұлттық атласын үлкен қызығушылықпен зерттеді.
Балаларға арналған іс-шара пайдалы әрі қызықты болды.
Кітап аралының құпиясы
