22 сәуірде «Дорожный» кітапхана-филиалында «Кітап – балалардың ең жақын досы» атты іс-шара өтті.
Кітапханашылар 23 сәуірде Ұлттық кітап күні аталып өтілетінін айтты.
Іс-шара барысында оқушыларға кітаптың шығу тарихы таныстырылды. Кітапханашы, ең үлкен және ең кішкентай кітаптарды көрсетті. Оқушылар қызығушылық танытты.
Соңында жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді білуге арналған жарыс өткізілді.
Кітап – балалардың ең жақын досы
