Кітап – білім бұлағы

1 қыркүйек – Білім күні мерекесі аясында 2 сынып оқушылары үшін «Кітап – білім бұлағы» атты зияткерлік ойыны өткізілді.
Іс-шара барысында кітаптың жасалу жолы, тарихы жайлы ақпарат берілді. Балалар атақты ғұламалардың қанатты сөздерін оқыды, мақал-мәтелдердің екінші бөліктерін іздеп тапты, жұмбақтарды шешті, және сабаққа, білімге, кітапқа қатысты өлеңдер оқыды.