Биыл Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтілуде, осы мереке аясында «Дружба» кітапхана-филиалында «Кітап деп аталатын ғажайып» атты ретрокөрініс өткізілді.
Балалар бұл мереке Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың бастамасымен кітап пен оқуды насихаттау мақсатында құрылғанын білді. Сондай-ақ кітапханашы кітап пен кітап басып шығару тарихы туралы айтып, заманауи кітапханалардың сәулетімен, заманауи баспа өнімдерінің алуан түрлілігімен, оның ішінде толықтырылған шындық кітаптарымен таныстырды, Қазақстан әдебиеті қорынан түрлі-түсті кітаптар ұсынды.
Іс-шара «Кітап түптеу құпиялары» викторинасымен аяқталды.
Кітап деп аталатын ғажайып
