Кітап еліне саяхат

2025 жылғы 12 маусымда «Северный» кітапхана-филиалында жазғы лагерьдегі балаларға арналған «Кітап еліне саяхат» танымдық-ойын шарасы өтті.
Бір-бірімен амандасып, балалар кітапханаға кірді. Балалар залында оларды жылдамдыққа арналған математикалық есептер, ересектер абонементінде – мақал-мәтелдер бойынша викторина, мерзімді басылымдар бөлімінде – шығармалар бойынша басқатырғыштар күтіп тұрды. Сондай-ақ, балалар «Білім классикасы» ойынына қатысты.
Соңында олар кітапхана бейнесін салып, мүсіндеді.
Іс-шара жарқын және қызықты өтті, балаларда көптеген жағымды эмоциялар қалды.