«Дорожный» кітапхана-филиалында «Ғажайып бөлме» үйірмесінің қатысушылары үшін «Кітап – ол жер бетіндегі керемет атауы бар ғажайып» ақпараттық минуты өткізілді.
Кітапханашы балаларға кітаптың шығу тарихы жайлы қысқаша айтып, кітапты пайдаланудың ережелерімен таныстырып, кітапты таза, ұқыпты ұстау керек екені туралы кеңес берді. Балалар «Жалғасын тап», «Сергіту сәті» ойындарына қатысып, жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. «Кітап – досың» әнін караокемен қосылып айтты.
Іс-шара соңында «Кітап – асыл қазына» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай, әдемі, әсем безендірілген энциклопедияның бірнеше түрі, ертегілер, әр баланың ой – өрісін кеңейтетін танымдық кітаптар ұсынылып, шолу жасалды.
Кітап – ол жер бетіндегі керемет атауы бар ғажайып
