Кітап патшалығы шақырады

«Қонай» кітапхана-филиалында Чапаев негізгі орта мектебінің бірінші сынып оқушылары үшін «Кітап патшалығы шақырады» экскурсиясы өткізілді. Кітапханашы балаларға балалар әдебиеті қоры туралы – балалар кітаптары мен журналдарының болуы, олардың мазмұны, брошюралар, ертегілері бар көптеген кітаптардың болуы туралы айтып берді. Балаларға «Оқып үйренеміз» сериясындағы Л. Толстойдың, К. Ушинскийдің кітаптары, «Бәрін білгім келеді» сериясынан «Көшеде жүру ережесі», «Дастарқан әдебі», «Абай бол, балақай!» кітаптары ұсынылды. Бастауыш мектеп жасына арналған «Анау не? Мынау не?» сериясынан «Ақ аю неге тоңбайды?», «Телефон неге дірілдейді?» кітаптары және жиналмалы кітаптары. Сондай-ақ «Алтын балық», «Ұр тоқпақ» ертегілері бар аудио-дискілер ұсынылды.